DAMU Capital Management

picma.ru | 1joomla.ru
Жиі қойылатын сұрақтар

Сіздің қызметтеріңіз қанша тұрады?

Біздің қызметтеріміздің бағасы әр жоба үшін жеке қарастырылады. Бағаға негізні әсер ететін факторлар - бұл жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстардың күрделілігі және ұзақтығы. Қазіргі кезде біздің ең арзан жоба құны 25 000 теңге, ең күрделі жобаның бағасы 1 700 000 теңгені құрайды.

Сіздердің мемлекеттік "ДАМУ" қорымен қандай байланысыңыз бар?

Біз 100% жеке меншік компания болып табыламыз және "ДАМУ" мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту қорымен еш байланысымыз жоқ. Сонда да біз Клиенттеріміз үшін бірқатар бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық негіздемелер мен қаржылық модельдерді жасап бердік. Олар әрі қарай "ДАМУ" қоры мен екінші деңгейлі банктерге тапсырылып, сәтті қаржыландыруға қол жеткізді.

Сіз көрсетілген қызметтеріңізге кепілдеме бересіз бе?

Біз барлық көрсетілген қызметтерімізге 6 айлық кепілдеме береміз. Осы уақыт ішінде біз барлық өзгерістер мен толықтыруларды тегін жасап береміз. Кепілдеме шарттары бұдан бұрын көрсетілген қызметке ғана қатысты болады.

Сіздің жұмысыңыздың пайдасы неде? Сіз мен білмейтіндей нені білесіз?

Біздің Клиенттерімізге қызмет көрсету барысында біз бірқатар салаларда жұмыс істейміз, күрделілігі әртүрлі жағдайларға тап боламыз, түрлі географиялық аймақтар мен түрлі тілдерде жұмыс істейміз. Соның арқасында біз қысқа мерзімде зор білім мен құзырет жинақтаймыз. Яғни біз жинақталған салааралық және мемлекетаралық тәжірибемізді пайдаланып, Клиентіміз үшін ең тиімді шешімдерді ұсынамыз. Әрине, біздің Клиенттеріміз өз жағдайын, бизнесін, қаржысын бізден артық және терең біледі, бірақ бізбен бірге жұмыс істеп, олар біздің кең және әртарапты біліміміз бен тәжірибемізге сүйене алады, және соның арқасында біз Клиентімізге пайдамызды тигізіп, қойылған талапты тиімді және табысты орындаймыз.

Сіз қай тілде қызмет көрсетесіз?

Біз қызметтерімізді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетеміз. Қажеттілік болса және әріптестердің көмегімен біз жасалған құжаттар мен көрсетілген қызметтерді әлемнің ондаған тілдеріне аударуға мүмкіндігіміз бар.

Сіздің кеңсеңіз қайда?

Біздің фирмамыздың кеңсесі Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында орналасқан. Сонымен қатар біздің Қазақстанның баска аймақтарында өкілдеріміз бар, және бүкіл әлем бойынша әріптестіріміз бар - солардың көмегімен біз кез келген күрделі жобаларды іске асыра аламыз.


 

Бізбен байланысыңыз

Электронды пошта: damucapital@gmail.com

Телефон: +7 727 317 71 50

Ұялы телефон:

+7 701 886 2790

+7 777 779 7741

Мекенжайымыз: Жуалы көшесі, 3 үй, 42 кеңсе, "Шұғыла" ықшам ауданы, Алматы қ., Қазақстан, 050006 (A30T7T8)

Кері байланыс

Email:
Тақырып:
Мәтін: