DAMU Capital Management

picma.ru | 1joomla.ru
Заңды тұлғаларға
Қосылу мен жұтылу мәмілелерін әзірлеу және жүзеге асыру

Біз қосылу және жұтылу мәмілелерін ұйымдастыру, бақылап отыру және аяғына дейін жеткізу қызметтерінің толық кешенін сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да жүзеге асырамыз.

Егер Сіз бизнесіңізді толық немесе бір бөлігін сатуға мүдделі болсаңыз – біз Сіз үшін стратегиялық немесе қаржылық инвесторды табуға көмектесеміз; келіссөзді жүргізіп, бизнес бағалауын өткіземіз; мәмілені ұйымдастырып, оны іске асырамыз.

Егер Сіз бизнесіңізді кеңейтуге мүдделі болсаңыз немесе басқа серіктестікті сатып алу жолымен өз кәсібіңізді диверсификациялағыңыз келсе, біз Сіз үшін нарықтың талдауын өткіземіз, сатып алу үшін қызықты компанияларды таңдап, ұсынамыз; келіссөзді өткіземіз және мәмілені іске асыруды қамтамасыз етеміз.

Сонымен бірге біз қатысушы тараптардың өз еркі бойынша серіктестіктердің қосылуын іске асыра аламыз.

Клиенттер үшін артықшылықтар:

  • негізгі қызметке шоғырлану – Сіз мәмілеге уақытыңыздың көп бөлігін жұмсамайсыз;
  • мәмілені жүзеге асырудағы шығындарды қысқарту – біздің жұмысымыз Сіз үшін арнайы қызметкерлер тобын жұмысқа алуға қарағанда арзан болады;
  • инвестициялық топтардың ішіндегі біздің әріптестер желісіне тез және сенімді қол жеткізу – Сіз олармен байланысуға, танысуға және іскерліқ қатынастар орнатуға уақыт жұмсамайсыз;
  • мәмілені жүзеге асыру мерзімін қысқарту – біздің көмегімізбен Сіз мәмілені тез өткізесіз, Сіздің қызметкерлеріңіз бұл жұмысты өз күшімен орындауы едәуір ұзағырақ болады.
 
Қарыздық және үлестік қаржыландыруды жүзеге асыру, тікелей инвестицияларды тарту

Егер Сіздің серіктестігіңізге қосымша қаражатты тарту керек болса, біз қарыздық қаржыландыруды (банктік қарыздар алу, облигацияларды шығару) немесе тікелей инвестицияларды/үлестік қаржыландыруды (жарғылық капиталға инвестиция тарту немесе акция шығару) жүзеге асырамыз.

Клиенттер үшін артықшылықтар:

  • серіктестіктің қаржы жағдайын тұрақтау және жақсарту;
  • инвестициялық жобаларды іске асыру және серіктестік жұмысын кеңейту үшін қаржы тарту;
  • серіктестіктің ашықтығын және кредит қабілеттілігін жақсарту;
  • серіктестікті қаржылық немесе стратегиялық инвесторды тарту жолымен күшейту.
 
Серіктестіктің құнын басқару

Біздің Клиенттеріміз бұл қызметтiң нәтижесінде өз серiктестiгiнiң нақты iшкi құнының қанша болатынын түсiне алады; сонымен бiрге Клиент серiктестiктiң құнын басқаруға және арттыруға бағытталған менеджмент жүйесiне қол жеткізеді және бұл жұмыс Клиенттің өз бизнесін сатуы/сатпауы жоспарларына тәуелсiз болады.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • серiктестiктiң шын құнын бағалау және оны арттыру әдiстерiн түсiну;
  • бизнес құнының артуы немесе азаюының себептерін анықтау;
  • серiктестiктiң қаржы көрсеткiштерiн жақсарту.
 
Бизнес-жоспарлау мен инвестициялық басқару

Егер Сiздiң серiктестiгiңiз бос қаражаттарға ие болса, бiз Сiздiң кәсiпкерлiгiңiздi дамыту және кеңейту үшiн ең жақсы мүмкiндiктердi тауып, таңдауға көмектесемiз; инвестициялық жобаларды бағалап, ұсынамыз және ұтымды инвестициялық қоржынды құрастырамыз.

Сонымен қатар біз бизнес-жоспар мен бизнестің қаржылық-экономикалық моделін дайындаймыз – бұл мәлімет Клиенттің ішкі пайдалануы үшін немесе инвестицияларды тарту үшін пайдаланыла алады.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • инвестициялық қоржынның және инвестициялық жобалардың тәуелсiз бағасын алу;
  • тәуекелдiктi әртараптандыру.
 
Серіктестіктің даму стратегиясын дайындау және оны іске асыру

Әрбiр серiктестiк өз жұмысында бизнестің ұзақ мерзiмдi даму стратегиясының жоқ екеніне, ал басқарушылардың назары тек тактикалық сұрақтар мен ағымдағы жұмысқа тоқталғанына көзі жетеді. Ал егер стратегия бар болған жағдайда да, ол iстейтiн жұмыс құжат болудың орнына басшылардың тартпалары мен үстелдерiнде шаң жинап жатады.

Бiз Сiздiң серiктестiгiңiздiң даму стратегиясын әзірлеп, оның жүзеге асуын қамтамасыз ететін менеджмент жүйесiн ендiруге ұсынамыз. Бiз ол үшiн Баланстандырылған Көрсеткіштер Жүйесін, серiктестiктiң құнын басқарудың элементтерiн қолданамыз және осы жүйелерді еңбекақы төлеу жүйесiмен өзара байланыстырамыз. Осының нәтижесінде, Сiздiң серiктестiгiңiздiң әрбiр қызметкерi серiктестiктiң жұмысына қосатын өз үлесiн түсiнеді және стратегияны iске асыруға тырысады, өйткенi оны іске асыруда өзінің тiкелей мүддесі болады.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • өзінің негiзгi қызметіне шоғырлану;
  • компанияның жай-күйi туралы және оның стратегиясы туралы тәуелсiз сарапшылық баға алу;
  • стратегияны тек жасап қана коймай, оны жүзеге асыруға мүмкiндiк алу.
 
Баланстандырылған Көрсеткіштер Жүйесін дайындау және жүзеге асыру

Егер Сіздің серіктестігіңізде даму стратегиясы бар болып, оны іске асыру үшін жағдай жасалмаса, онда біз Баланстандырылған Көрсеткіштер Жүйесін (БКЖ) дайындап, оны іске асырып және мотивация мен еңбекақы жүйесімен өзара байланыстыруды ұсынамыз.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • өзінің негiзгi қызметіне шоғырлану;
  • серiктестiктiң, жеке бөлiмшелердің және әрбiр қызметкердің жұмысын бағалайтын көрсеткiштер жүйесiн енгізу;
  • Баланстандырылған Көрсеткіштер Жүйесіне негiзделген мотивация және еңбекақы жүйесін енгізу.
 
Серіктестіктерді қайта құру және сауықтыру, дағдарысқа қарсы басқару

Егер Сiздiң серiктестiгiңiз қиындықтармен қақтығысып қалса және тоқырау немесе құлдырау күйінде болса, бiз Серiктестiктi қайта құру, тұрақтау және оның жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұсынамыз.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • шығындарды бағалау және қысқарту, бюджеттiк тәртіпті қаталдандыру;
  • қызметшiлер санын бағалау және қысқарту;
  • серiктестiк жағдайының тұрақтануы және жақсаруы;
  • қайта ұйымдастыру аяқталғаннан кейiн серiктестiктiң едәуір өскен тиiмдiлiкпен жұмыс істеуі.
 
Маркетинг және сату жоспарларын құру, ғаламторда жылжыту

Біз кешенді маркетинг және сату стратегиясын және ғаламтор жүйесінде жылжыту шараларын жасаймыз. Оның ішінде, сайт жасау, мәнмәтіндік жарнаманы бастау, іздестіру оңтайландыруын (SEO), Клиенттердің тауарлары мен қызметтерін әлеуметтік желілерге шығарып, жылжыту (SMM).

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • шығындарды қысқарту - біздің қызметке жүгіну Сізге өз мамандарды ұстаудан едәуір арзан болады;
  • негізгі қызметке шоғырлану;
 


Бізбен байланысыңыз

Электронды пошта: damucapital@gmail.com

Телефон: +7 727 317 71 50

Ұялы телефон:

+7 701 886 2790

+7 777 779 7741

Мекенжайымыз: Жуалы көшесі, 3 үй, 42 кеңсе, "Шұғыла" ықшам ауданы, Алматы қ., Қазақстан, 050006 (A30T7T8)

Кері байланыс

Email:
Тақырып:
Мәтін: