Біздің миссиямыз - Клиенттеріміздің өсуіне, дамуына және табысқа жетуіне жәрдемдесуде; ерекше дарынды адамдарды тартатын, оларды жұмысқа қызықтыратын, қабілеттерін жетілдіретін және өзінде ұстап қалатын серіктестікті құруда. Біз Клиенттеріміздің өркендеуін және ауқаттылығын жеке адамдардың, кәсіпкерліктің және бүкіл қоғамның дамуы мен дәулеттілігі деп санаймыз.
Өз жұмысымызда біз келесі құндылықтарды негізге аламыз:
Клиенттің мүдделерін өз мүдделерімізден жоғары ұстау. Біз Клиенттерімізге өзіміз үшін емес, тек олар үшін тиімді және қажетті шешімдерді ұсынамыз және іске асырамыз. Біз Клиенттердің стратегиялық мүдделеріне жауап бермейтін жұмысты бастамаймыз, тіпті, бізге бұл жұмыс үшін ақша төленсе де. DAMU Capital Management фирмасында біз өзіміздің кәсіби абыройымызға залал келтіретін қандай да болмасын әдіспен ақша табуға ұмтылмаймыз.
Жұмысқа кәсіби тұрғыдан қарау.
Біз өзіміздің кәсіби абыройымызды қадірлейміз және кез келген жағдайда өзімізді кәсіби және әдепті ұстаймыз. Біз өзіміздің қағидаларымызға және стандарттарымызға зор құрметпен қараймыз және біздің Клиенттеріміздің және әріптестеріміздің сондай жүрiс-тұрысын сыйлаймыз. Біздің командамыздың мүшелерінен біз олардың жоғары әдеп стандарттарын ұстануын күтеміз – біздің Фирмамызға жұмысы болсын, сол сияқты жұмыстан тыс өмірлерінде де.
Пікірлеріміздің және істеріміздің тәуелсіздігі.
Біз кездескен жағдайларымызды өзіміздің көргенімізге сай талдаймыз. Біз өз ойымызша Клиентке кепілдемелер және шешімдер ұсынамыз, тіпті олар біздің алатын ақымызға теріс ықпал етсе де. Біз тек Клиенттеріміз табысқа жеткенде ғана өзіміз табысты болатынымызға сенеміз, және де Клиенттің ұзақ мерзімді мүдделеріне залал келтіретін қысқа мерзімді пайдаға ұмтылмаймыз.
Құпиялықты сақтау.
Біз Клиенттеріміздің оңаша мәліметін жұртқа жаймаймыз және оны өзіміздің меншікті мақсаттарымызда пайдаланбаймыз. Біз тек қана Клиентпен жұмыс істеп жатқандығымызды растаймыз және Клиент мекемесінің атауын өзіміздің портфолиомызға қосамыз. Ал жеке Клиенттердің аты-жөні құпия ретінде сақталады, Фирма тек өзінің тікелей және жанама басқаруындағы қаражат көлемін жария етуге құқығы бар. Жұмыстың құпиялығы сонымен қатар DAMU Capital Management фирмасының ішкі ережелерімен де қамтамасыз етіледі – яғни, осы нақты жоба немесе Клиент туралы мәліметке тек қана онымен жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің ғана қолы жетеді.
Жұмысымыздағы тұрақты жетілдіру және оның өзгеріссіз кәсіби сапасы.
Біз тәжірибемізді және білімімізді үнемі жетілдіру және жинақтау қағидаларын ұстанамыз. Біз жеткен деңгейіне тоқтамаған адамдарды қатарымызға қосамыз және олар Клиенттердің күрделі де қызықты мәселелерін шешеді. Біз қызметкерлеріміздің білімі мен қабілеттерін дамытуға тұрақты қаржы бөлеміз және онымен олардың мансаптарының әрбір кезеңінде әрі қарай өсуіне барынша жағдай жасаймыз.
Біз қандай да болсын жұмысты мүлтіксіз орындауға ұмтыламыз. Және біз жобалардың саны мен көлемін емес, оларды сапалы орындауды таңдаймыз. |