DAMU Capital Management

picma.ru | 1joomla.ru
Жеке тұлғаларға
Жеке қаржыны жоспарлау және басқару бойынша консультациялар

Егер Сiз өзіңіздің жеке немесе отбасылық қаражаттарды ұйымдастырып, ретке келтіргіңіз келсе, Сiз өз қаржылық мақсаттарыңызға жақындағаныңызды қадағалағыңыз келсе, онда бiз Сiздiң ағымдағы қаржы жағдайыңызды бағалап, дербес немесе отбасы бюджетiн жоспарлап, қаржылық мақсаттарды жазбаша бекітіп, оларды жүзеге асыру жолын анықтауға көмектесемiз (жеке қаржылық жоспарыңызды құрамыз).

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • дербес және отбасылық қаражаттарды тәуелсiз бағалау;
  • қаражаттарды жоспарлаудың дағдылары мен құралдарын түсіну;
  • өмірдегі мақсаттарды қаржыландыру жолын түсiну.
 
Инвестициялық қоржынды құрастыру және басқару бойынша кеңес беру

Сiзде бос қаражат бар болып, Сіз оны пайдамен және қауiпсiздiкпен орналастырғыңыз келедi ме? Біз Сіздiң жеке шарттарыңыз бен мақсаттарыңызды есепке ала отырып, инвестициялық қоржын құрастыруға көмектесемiз, сонымен бiрге оны басқару бойынша ұсыныстарды береміз.

Егер Сiзде қоржыныңызды үнемi қадағалап отыруға мүмкiндiгіңіз жоқ болса, біз оған бақылау жасап, Сізге тұрақты хабарлауды ұйымдастырамыз, сонымен қатар Сiздiң қоржыныңыздың ағымдағы күйi туралы мәлiмет беруге және дер кезінде елдегі және әлемдегi экономикалық ахуалға байланысты қоржынды тиісті өзгерту бойынша ұсыныс береміз.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • қоржынды құрастыру бойынша тәуелсiз кеңес беру;
  • тәуекелдердi сауатты және кәсіби бөлу;
  • қоржынның Клиенттiң мақсаттары мен жоспарларына сәйкес құру және жүргiзу.
 
Дәулетті басқару бойынша консультациялар

Бiз iрi жеке капиталы бар Клиенттерге ең жоғары деңгейлi және барынша толық қызмет кешенін ұсынамыз. Бiз Клиенттiң дәулетін дұрыс теңдестіріп, оны қорғау және көбейту жолдарын ұйымдастырамыз. Бiздiң фирма бұл қызметтерді көрсету барысында шетелдiк банктермен (акционерлiк және жеке), инвестициялық қорлармен және сақтандыру компанияларымен бірігіп жұмыс істейді.

Клиенттер үшiн артықшылықтар:

  • толық оңашалық және құпиялық;
  • дәулетті дүние жүзінің кез келген елiнде, әлемдiк деңгейдегі банктер мен қорларға орналастыру;
  • капиталды тәуекелдерден қорғау, оларды диверсификациялау және дұрыс бөлу.
 


Бізбен байланысыңыз

Электронды пошта: damucapital@gmail.com

Телефон: +7 727 317 71 50

Ұялы телефон:

+7 701 886 2790

+7 777 779 7741

Мекенжайымыз: Жуалы көшесі, 3 үй, 42 кеңсе, "Шұғыла" ықшам ауданы, Алматы қ., Қазақстан, 050006 (A30T7T8)

Кері байланыс

Email:
Тақырып:
Мәтін: